ШҚО-да Жақсылық Омардың үкімі бойынша апелляция қаралды

ШҚО-да Жақсылық Омардың үкімі бойынша апелляция қаралды, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.05.2026 15:11 Сурет: Zakon.kz
2026 жылғы 20 мамырда Шығыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы бұрынғы ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омардың қорғаушылары берген апелляциялық шағымды қарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сот шешімін судья Сәуле Бекишева жариялады. Ол бірінші сатыдағы сот үкімі дұрыс шығарылғанын атап өтті.

"Сот алқасы бірінші сатыдағы сот Жақсылық Омардың әрекеттерін дұрыс саралаған деген қорытындыға келді. Жазаның түрі мен мөлшері заң талаптарына сай тағайындалған. Бұл – мемлекеттік билікке деген сенімді төмендететін ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысы", – деді судья.

Сот апелляциялық шағымды қанағаттандырмай, Өскемен қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2026 жылғы 3 сәуірдегі үкімін өзгеріссіз қалдырды. Үкім жарияланған сәттен бастап заңды күшіне енеді.

Бұған дейін сот оны 6 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарған. Сондай-ақ өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салып, Toyota автокөлігі тәркіленген.

Айыптау деректеріне сәйкес, Жақсылық Омарға екі сыбайлас жемқорлық фактісі бойынша айып тағылған: 20 миллион теңге көлемінде пара алу және автокөлікке байланысты заңсыз әрекеттер.

Тергеу нұсқасы бойынша, ол Өскемен қаласын басқарған кезде танысымен келісіп, Toyota Camry 75 көлігін бір компаниядан "демеушілік көмек" ретінде рәсімдеген. Кейін көлік үшінші тұлғаларға қайта рәсімделіп, trade-in бағдарламасы арқылы жаңасына ауыстырылған, ал ол көлікті өзі пайдаланған. Мемлекетке келтірілген залал 13 миллион теңгеден асқан.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: