Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Ресейге баруды жоспарлаған азаматтарға үндеу жасады

Зона таможенного контроля, таможенный контроль, таможня, таможенная граница, граница, проверка на таможне, таможенная проверка, осмотр на таможне, таможенный осмотр, таможенный досмотр, работник зоны таможенного контроля, работники зоны таможенного контроля, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.05.2026 16:24 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев Ресейге баруды жоспарлап жүрген қазақстандықтарға қойылатын жаңа талаптар туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, Ресей аумағына кіру кезінде шетел азаматтарына қатысты қосымша талаптар енгізіледі.

"2026 жылғы 1 шілдеден бастап Ресейге жұмыс істеу немесе оқу мақсатында баратын Қазақстан азаматтары үшін "Госуслуги RuID" мобильді қосымшасын пайдалану міндетті болады. Жаңа тәртіпке сәйкес, шетел азаматтары аталған қосымшада жеке профиль ашып, Ресей Федерациясына кіру туралы электронды өтінішті шекарадан өтуден кемінде 72 сағат бұрын тапсыруы қажет", – деді Ерлан Жетібаев 20 мамырдағы брифингте.

Ол өтініш қаралғаннан кейін жүйеде азаматтың Ресейге кіру құқығын растайтын жеке QR-код қалыптасатынын түсіндірді. Бұл QR-код өтініш берілген күннен бастап 90 күн бойы жарамды болады.

Сыртқы істер министрлігі азаматтарға Ресейге сапарды алдын ала жоспарлап, жаңа ережелермен алдын ала танысып шығуға кеңес берді.

Бұған дейін Эболаның қайта өршуіне байланысты Денсаулық сақтау министрлігі шұғыл ескертпе таратқанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: