Қазақстанда ауыл шаруашылығы жерлерін пайдалануға бақылау күшейтіледі

Земельный участок, земельные участки, земля, землевладение, участок земли, участки земли, территория, территории, земельная доля, стоимость земли, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.05.2026 10:06 Фото: pexels
2026 жылғы 21 мамырда Мәжіліс депутаттары ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Жер кодексіне енгізілетін түзетулерді жұмысқа қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Депутат Серік Егізбаевтың айтуынша, заң жобасының мақсаты – жер қатынастарын құқықтық реттеуді жетілдіру, құқықтық коллизиялар мен олқылықтарды жою, сондай-ақ жер учаскелерін беру, пайдалану және олардың нысаналы мақсатын өзгерту рәсімдерінің ашықтығын арттыру.

"Заң жобасы жер басқару жүйесінің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға, адал бәсекелестікті дамытуға, сондай-ақ аумақтардың орнықты дамуына және жер ресурстарын ұтымды пайдалануға ықпал етеді", – деді Серік Егізбаев.

Бұған дейін Жер кодексіне бірқатар өзгерістер енгізу жоспарланып отырғаны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: