Алматыда бизнес нысандарынан шығатын зиянды қалдықтарға бақылау күшейтілді

2026 жылдың басынан бері Алматыда шағын және орта бизнес нысандарының атмосфералық ауаға бөлетін зиянды шығарындыларына бақылау күшейтілді. Бұл туралы "Eco Almaty" ЖШС өкілдері айтты., сурет - Zakon.kz жаңалық 21.05.2026 15:03 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
2026 жылдың басынан бері Алматыда шағын және орта бизнес нысандарының атмосфералық ауаға бөлетін зиянды шығарындыларына бақылау күшейтілді. Бұл туралы "Eco Almaty" ЖШС өкілдері айтты.

Кәуапханалар, монша кешендері, тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу орындары, дөңгелек жөндеу орындары мен экологияға әсер етуі мүмкін өзге де нысандар күнделікті бақылауға алынды.

Мамыр айында табиғатты қорғау қызметінің мамандары 287 нысанды тексерген. Бақылау барысында шығарындылар көздері, сүзгі және газ тазарту жүйелерінің болуы, сондай-ақ санитарлық және экологиялық талаптардың сақталуы назарға алынған.

Әсіресе, қоғамдық тамақтану орындарына ерекше көңіл бөлінген. Тексерілген 160 мекеменің 11-інде сүзгі орнатылған, 7 нысан электрмангал қолданады, ал тағы 3-еуі газ жүйесіне қосылған. Қалған кәсіпорындарда тазарту құрылғыларын орнату жыл соңына дейін жүзеге асырылмақ.

Тексеру жұмыстарымен қатар кәсіпкерлерге атмосфералық ауаны қорғау талаптары мен қоршаған ортаға келетін зиянды азайту жолдары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: