Алматыда түнгі велошеруге байланысты бірнеше көше жабылады
Фото: Zakon.kz
2026 жылы 23 мамырда Алматыда "Almaty Glow Ride" алғашқы түнгі велошеруі өтеді. Ауқымды қалалық іс-шара спортты, салауатты өмір салтын және тұрғындар мен қала қонақтарының белсенді демалысын насихаттауға бағытталған.
Іс-шараны өткізуге байланысты 23 мамыр сағат 20:00-ден 23:30-ға дейін Төле би көшесінде автокөлік қозғалысы толықтай тоқтатылады.
Сонымен қатар сағат 21:45-тен 23:00-ге дейін велошеру қатысушылары колоннасының өтуіне қарай Назарбаев даңғылы мен Желтоқсан көшесінде екі бағытта уақытша қозғалыс шектеуі енгізіледі.
Велошерудің басталуы сағат 22:00-де Астана алаңында жоспарланған. Қатысушылар Төле би көшесі – Назарбаев даңғылы – Тимирязев көшесі (Алматы қаласы әкімдігі маңы) – Желтоқсан көшесі – Төле би көшесі бағытымен қозғалад
Іс-шараға 3000-ға дейін адам қатыспақ. Қатысушылар үшін неонды жарық элементтері, ойын-сауық бағдарламасы, байқаулар мен интерактивті белсенділіктер ұйымдастырылады.
Қаладағы көлік қозғалысын толық қалпына келтіру сағат 23:30-ға жоспарланған.