Алматы мен облысты байланыстыратын қос автобустың жүріс кестесіне өзгеріс енгізілді

Автобус, Алматы, Алматы облысы, жүріс кестесі, өзгеріс, 248, 124, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.05.2026 20:20 Сурет: Zakon.kz
Алматы қаласы мен Алматы облысын байланыстыратын №248 және 124 автобустардың жүріс кестесі алдағы сәрсенбіден бастап өзгереді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы бүгін, 26 мамырда Алматы көлік холдингі хабарлады:

"27 мамырдан бастап №248 бағыттың қозғалыс сызбасына өзгерістер енгізіледі. Алматы – Бішкек тас жолы бойымен қозғалу кезінде бағыт "Қасымбек ауылы" бағытына солтүстікке қарай бұрылып, елдімекенді айналып өтіп, әрі қарай соңғы аялдама — "Шолаққарғалы ауылы" бағыты бойынша қозғалысын жалғастырады".

Өз кезегінде Алматы облысының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мынаны нақтылайды:

"Басқарма бекіткен 2024 жылғы жоспарына сәйкес, Алматы-1 — Шамалған станциясы — Ұзынағаш (Сорбұлақ трактісі) автомобиль жолына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Осыған байланысты, 27 мамырдан бастап жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін №124 бағыттың қозғалыс сызбасы уақытша өзгертіледі".

№124 автобус енді мына бағытта қатынайды:

  • солтүстік бағытта: Бұрындай тас жолы көшесі – "Әубәкіров көшесі" соңғы аялдамасына дейін.
  • кері бағытта: "Әубәкіров көшесі" соңғы аялдамасынан бастап – Бұрындай тас жолы көшесі – әрі қарай сызба бойынша.

Бұған дейін Астанада Кенесары көшесі ішінара жабылатынын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: