Бүгін еліміздегі ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істемейді
Сурет: primeminister.kz
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы қазақстандықтарға ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмысында өзгерістер барын ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.
27 мамырда Құрбан айт мейрамына байланысты барлық ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар, оның ішінде кезекші бөлімдер жабық болады.
"27 мамыр күні Құрбан айт мейрамына байланысты барлық ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар, оның ішінде кезекші бөлімдер жұмыс істемейтінін хабарлаймыз", делінген ұйым хабарламасында.
Сондай-ақ корпорация мереке күндерінен басқа уақытта барлық ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар, оның ішінде кезекші бөлімдер де әдеттегі жұмыс кестесі бойынша қызмет көрсететінін нақтылайды.
Бұған дейін 27 мамырда таңертең Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы елордадағы "Әзірет Сұлтан" мешітінде айт намазын жүргізгені хабарланған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript