әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: сотталушы қаза тапқандардың туыстарынан кешірім сұрады
Сурет: Zakon.kz
2026 жылғы 28 мамырда Алматыдағы Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта әл-Фараби даңғылындағы жантүршігерлік жол апаты бойынша іс алдын ала тыңдалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алдын ала тыңдау барысында сотталушы Александр Пак жәбірленуші тарапқа сөз арнады. Ол жол апаты салдарынан қаза тапқандардың жақындарынан кешірім сұрады.
"Қайғыларыңызға ортақтасып, болған жағдай үшін кешірім сұрағым келеді. Отбасыларыңыздың қандай қасіретке душар болғанын түсінемін және бұл қайғыны ешқалай жеңілдете алмаймын. Заңға сәйкес жазамды өтеуге дайынмын. Бостандыққа шыққаннан кейін қаза тапқандардың отбасына көмектесуге тырысамын", – деді айыпталушы жәбірленуші тарапқа.
Тараптардың өтініштерін тыңдаған судья Еркін Майшинов сот отырысының форматына қатысты шешімін жариялады. Оның айтуынша, сот ашық режимде өтеді. БАҚ өкілдеріне онлайн-трансляция жүргізуге, сондай-ақ жәбірленушілер мен сотталушының бет-бейнесі көрінетін фото және видеоларды жариялауға тыйым салынды.
Негізгі сот отырысы 1 маусым күні сағат 10:00-де Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өтеді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript