Алматыда екі ауданда суық су уақытша өшіріледі

Алматыда екі ауданда суық су уақытша өшіріледі , сурет - Zakon.kz жаңалық 01.06.2026 15:39 Сурет: pixabay
Алматыда суық су желілерінде жоспарлы жұмыстардың жүргізілуіне байланысты суық су беруде қысқа мерзімді шектеулер күтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Алматы су" МКК баспасөз қызметі 2 маусым күні сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін Абай даңғылы – Тұрғұт Озал көшесі – Қарасай батыр көшесі – Сайран көлі маңында орналасқан тұтынушылар үшін су беру уақытша шектелетіндігін ескертті.

Сондай-ақ, 4 маусым күні сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін келесі аумақта орналасқан тұтынушылар үшін су беру уақытша шектеледі: Райымбек даңғылы – Немирович-Данченко көшесі – Рысқұлов даңғылы – Крылов көшесі.

"Жоспарлы-профилактикалық жұмыстар аталған аудандарды тұрақты сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Тұрғындардан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз",- деп атап өтті ведомство.

Қосымша ақпарат алу үшін "Алматы су" МКК телефоны: 274-66-66

Бұған дейін Алматының кей бөлігінде жарық уақытша өшірілетіндігін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: