Шымкентте шетел азаматынан 65 діни кітап тәркіленді

Шымкентте шетел азаматынан 65 діни кітап тәркіленді, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.06.2026 19:21 Сурет: polisia.kz
Көлік полицейлері Шымкент әуежайында діни әдебиеттерді заңсыз алып өту фактісінің жолын кесті, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Шымкент халықаралық әуежайында көліктегі полиция басқармасының қызметкерлері діни әдебиеттерді әкелуге қатысты Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу дерегін анықтады.

"Шарм-әл-Шейх – Шымкент бағытындағы халықаралық рейсінің жолаушыларын тексеру барысында көлік полицейлері 31 жастағы Өзбекстан Республикасының азаматын анықтап, ұстады. Оның жүгін тексеру кезінде діни мазмұндағы 65 кітап табылып, тәркіленді", – деп хабарлады полиция.

Аталған факті бойынша шетел азаматы Қазақстан Республикасында діни әдебиеттерді әкелуге қойылатын заң талаптарын бұзғаны үшін жауапқа тартылды.

Көлік полицейлері азаматтар мен ел қонақтарын мемлекеттік шекарадан өту және діни мазмұндағы материалдарды тасымалдау кезінде қолданыстағы заңнама талаптарын қатаң сақтауға үндеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: