Жетісу облысында ер адам еліктерді заңсыз аулап, етін бөлшектеп жатқанда қолға түсті
Сурет: polisia.kz
Жетісу облысында полицейлер Алакөл ауданында сібір еліктерін заңсыз аулау фактісінің жолын кесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Полицияның хабарлауынша, сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында күдіктінің жабайы жануарларды аулауға тиісті рұқсаты болмағаны анықталды. Соған қарамастан, ол заңды түрде тіркелген ойық ұңғылы қаруды пайдаланып, еліктерге бірнеше рет оқ атқан.
Заңсыз аңшылық салдарынан екі сібір елігі ауланған. Күдікті жануарларды бөлшектеп жатқан сәтте оқиға орнында қолға түсті.
Жетісу облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мәліметінше, мемлекетке келтірілген материалдық шығын көлемі 3,2 миллион теңгеден асқан.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталып, материалдар мәні бойынша қарау үшін прокуратураға жолданды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript