Күн сайын Алматыға 400 мыңға жуық автокөлік кіріп шығады: Тоқаев "Skytrain" желісіне қатысты тапсырма берді

Платные участки дорог, платная дорога, платные дороги, плата за проезд, стоимость проезда, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.06.2026 15:58 Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 2 маусымда Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы жедел қоғамдық көлікті дамыту жөнінде тапсырма берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысының айтуынша, Алатау қаласының Алматыға іргелес орналасуы зор мүмкіндіктерге жол ашатыны сөзсіз. Әсіресе, сауда-экономика және көлік-логистика саласындағы байланыстарды едәуір кеңейтуге болады.

"Мұны аймақтағы билік өкілдері де, кәсіпкерлер де жақсы түсінуге тиіс деп санаймын. Сондықтан тағы да атап өткім келеді: Алатау қаласында, ең алдымен, бизнес жүргізуге қолайлы жағдай жасау керек. Жаңа кәсіпорындар ашылса, мұнда жұрт та көбірек келіп, тұрақтай бастайды. Бұл үрдіс Алматыға жұмыс бабымен күнделікті келіп-кететін халықтың санын азайтады. Күн сайын Алматыға облыстан 400 мыңға жуық автокөлік кіріп шығады. Алматы агломерациясындағы көлік қатынасын күшейту қажет. Соның ішінде жылдамдығы жоғары қоғамдық көлік жүйесін белсенді дамыту керек". Қасым-Жомарт Тоқаев

Осыған орай ол Алматы қаласының және Алматы облысының әкімдеріне "Самұрық-Қазына" қорымен бірлесіп, биыл бірінші тамызға дейін "Skytrain" желісін салу мәселесін пысықтауды тапсырды. Бұл желі қаланың шекарасынан шығысқа және батысқа қарай тартылуға тиіс.

"Алатау мен Алматы қалаларын жалғайтын жүрдек қоғамдық көлік жүйесін дамыту мәселесін пысықтау қажет. Жаңа шаһардың Үлкен Алматы айналма автокөлік жолының бойында орналасуы және Алатау қаласын Қорғаспен қосатын темір жол тармағының жоспарлануы келешекте Алматы агломерациясының ауқымын кеңейте түседі. Яғни ауқымды облыстық кластер пайда болады. "Almaty SkyHub" заманауи мультимодальді логистика орталығы өңірдегі маңызды жобалардың бірі болмақ. Осы өршіл жобаларды жүзеге асыру үшін барлық қажетті жағдайды жасап, инвесторларды белсенді түрде тарту керек. Қазірдің өзінде сауда-логистика орталығын және қойма инфрақұрылымын дамытуға қызығушылық танытып отырған әлеуетті серіктестердің, соның ішінде шетел компанияларының бар екенін білемін. Аталған мүмкіндіктерді барынша пайдалану қажет".

Бұған дейін неліктен адамдардың Астана мен Алматыға жаппай қоныс аударып жатқанын президент түсіндіріп берген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: