Неге кейбір қазақстандық аналарға декреттік төлемдер кешігіп беріледі

Деньги, тенге, калькулятор, национальная валюта, национальная валюта РК, национальная валюта Казахстана, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.06.2026 16:31 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Аскарбек Ертаев 2026 жылғы 2 маусымда өткен үкіметтегі баспасөз мәслихатында декреттік төлемдердің берілу тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрдің айтуынша, төлемдердің кешігуі көбіне құжаттарға байланысты туындайды.

"Негізінен шағым түсіретіндер – құжаттар пакетіне қатысты сұрағы бар декретке шыққан аналар. Жалпы алғанда, декреттік төлемдер eGov арқылы тапсырылса, олар 5 күн ішінде қаралады. Ал ХҚКО арқылы берілсе, 8 күн ішінде өңделеді. Бірақ егер тапсырылған құжаттарға қатысты сұрақ туындаса, қарау мерзімі 30 күнге дейін ұзартылуы мүмкін", – деді министр.

Оның айтуынша, мұндай жағдайлар жиі кездеседі, әсіресе әйел бірнеше жерде жұмыс істеп, бірнеше көзден табыс алғанын көрсеткен кезде.

"Кейбір жағдайларда әйелдің әртүрлі жерден жалақы алғаны туралы деректер болады, сол себепті барлық мәліметтер қайта тексеріледі. Біз бұл ақпаратты Мемлекеттік кірістер комитетімен (салық органдарымен) салыстырып тексереміз", – деп түсіндірді Аскарбек Ертаев.

Министрдің айтуынша, егер қосымша құжаттар немесе нақтылау қажет болса, оларды тексеру барысында мерзім автоматты түрде 30 күнге дейін ұзартылады.

Бұған дейін Қазақстанда халық саны өсуде екенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: