Еліміздегі жұмыссыздарға үкімет тарапынан қандай көмек беріледі
Сурет: freepik
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев үкіметте 2026 жылғы 2 маусымда өткен баспасөз мәслихатында еліміздегі жұмыссыздық бойынша тағайындалатын жәрдемақыны төлеу мерзімін қысқарту жоспарына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Елімізде жұмыссыздық бойынша жәрдемақыны төлеу мерзімін алты айдан төрт айға дейін қысқарту жоспарда бар. Журналистер министрден мұның қаншалықты орынды-орынсыз екенін сұрады.
"Бізде пандемияға дейін төрт ай болған, яғни біз осы мерзімге қайта ораламыз (шамамен ескі нормаға – ред.). Электрондық еңбек биржасында айына 117 мың бос жұмыс орны орналастырылады. Сондықтан ұзақ уақыт жұмыссыз жүру мүмкін емес және біз бұл арада мерзімді қысқартып қана қоймай, осы кезеңде жұмыссыз азаматқа оның мамандығы бойынша бірқатар ұсыныстар ұсынамыз", – деді Асқарбек Ертаев.
Бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Аскарбек Ертаев 2026 жылғы 2 маусымда өткен үкіметтегі баспасөз мәслихатында декреттік төлемдердің берілу тәртібіне қатысты түсініктеме берген болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript