Павлодар облысындағы жер сілкінісі: Астанаға қауіп бар ма

Сейсмометр, сейсмология, сейсмологи, сейсмограмма, землетрясение, подземные толчки, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.06.2026 14:14 Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 2 маусымда Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Төтенше жағдайлар вице-министрі Ерболат Садырбаев Павлодар облысында болған жер сілкінісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Жер асты дүмпулерінің күші 2 балл болған.

"Павлодар облысында ерте ескертуге арналған автоматтандырылған жүйелерді орнату бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл – табиғи құбылыс. Бірақ бұл өңір сейсмикалық қауіпті аймақтар тізіміне кірмейді. Дегенмен, біз бұл процесті бақылауда ұстаймыз, себебі бұл аймақта өндірістік нысандар бар, соның ішінде шахталар да бар. Осыған байланысты қосымша мониторинг жүргізілетін болады", – деді ол.

Сонымен қатар, вице-министрдің айтуынша, Астана үшін мұндай қауіп жоқ.

"Астана қаласындағы ғимараттардың сейсмикалық талаптарға сәйкестігіне және қауіп бар-жоғына келсек, қаладағы нысандар соңғы талаптарға сай. Ал жалпы сейсмикалық жағдай бойынша бүгінгі таңда Астанаға ешқандай қауіп жоқ", – деп сендірді Ерболат Садырбаев.

Еске салсақ, 2026 жылғы 26 мамырда Павлодар облысында жер сілкінісі тіркелген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: