Қазақстандық студент Қытайдағы халықаралық турнирде топ жарды

Қазақстандық студент Қытайдағы халықаралық турнирде топ жарды, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.06.2026 11:50 Сурет: Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі
Қытай Халық Республикасының Шэньчжэнь қаласында өнеркәсіптік дизайн технологиялары бойынша WorldSkills Industrial Design Technology International (Shenzhen) Invitational Tournament халықаралық турнирі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, халықаралық деңгейдегі беделді додаға Қазақстан, Қырғызстан, Малайзия, Сауд Арабиясы және Қытай елдерінің жас мамандары қатысты.

Қазақстан намысын Павлодар қаласындағы Ақпараттық технологиялар колледжінің үшінші курс студенті, "Өнеркәсіптік дизайн" құзыреті бойынша WorldSkills Kazakhstan-2025 ұлттық чемпионатының жеңімпазы Дарья Мельник қорғады.

Байқау барысында қатысушылар өнеркәсіптік дизайн саласындағы кәсіби құзыреттерін, инновациялық ойлау қабілетін және практикалық дағдыларын сынады.

Нәтижесінде Дарья Мельник І орынды иеленіп, халықаралық турнирдің абсолютті жеңімпазы атанды. Студентті жарысқа Ақпараттық технологиялар колледжінің оқытушысы Борис Григорьев дайындады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: