Қазірдің өзінде халқымыздың болмысы, құндылықтары, сана-сезімі мен дүниетанымы өзгеріп жатыр – Президент

Касым-Жомарт Токаев, президент Республики Казахстан, президент РК, глава государства , сурет - Zakon.kz жаңалық 04.06.2026 14:03 Фото: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Ту көтеру рәсімінде сөйлеген сөзінде жаңа Ата заңның мәніне тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент дәл осы Ата заң халқымызды әлемдік өркениеттің жаңа белестеріне бастайтындығын атап өтті.

"Жалпыхалықтық референдумда қабылданған Конституция – Қазақстанның алдағы ондаған жылдарға арналған басты заңы. Дәл осы Ата заң халқымызды әлемдік өркениеттің жаңа белестеріне бастайды. Технологиялық жетістіктер, саяси дүрбелеңдер, әскери қақтығыстар белең алып жатқан қазіргі дәуірде Негізгі заңымыздың жол нұсқаушы темірқазық ретіндегі маңызы еселене түседі". Мемлекет басшысы

Сондай-ақ, ол еліміздің бас құжаты – Конституция 1 шілдеден бастап күшіне енетіндігін еске салды.

"Тамыз айында бір палаталы Құрылтай сайлауы өтеді, ал қыркүйекте Қазақстан Халық Кеңесі құрылады. Осылайша, біз ауқымды өзгерістер кезеңіне аяқ басамыз. Қазірдің өзінде халқымыздың болмысы, құндылықтары, сана-сезімі, тіпті, дүниетанымы өзгеріп жатыр. Азаматтарымыздың басым көпшілігі заңға құрметпен қарау, қоғамдық тәртіпті нығайту стратегиясын қолдайды, сондай-ақ "Таза Қазақстан" акциясына белсене қатысады". Президент

Бұған дейін президент біз жаңа Конституциямызды қабылдап, төл тарихымыздың жаңа парағын ашқанымызды айтқан болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: