Нұрай Серікбайдың ісі: ІІМ тергеудің аяқталу мерзімін атады

Нұрай Серікбайдың ісі: ІІМ тергеудің аяқталу мерзімін атады, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.06.2026 16:08 Сурет: pixabay
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов 2026 жылғы 4 маусымда Сенат кулуарында Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты қылмыстық істің тергеу барысына түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның айтуынша, тергеуге қатысты барлық деректер іс аяқталғаннан кейін жария етіледі. Журналистер одан тергеудің қашан аяқталатынын нақтылап сұрады.

"Нұрайдың өлімі бойынша тергеу маусым айында аяқталады", – деді Әділов.

Еске сала кетейік, 21 жастағы студент Нұрай Серікбай 2026 жылғы 11 қаңтарда танысының қолынан пышақ жарақатынан көз жұмған. Қылмыс жасаған күдікті оқиға орнынан қашып кеткен. Алайда 13 қаңтар күні полиция оның Шымкенттен 10 шақырым жерде ұсталғанын хабарлады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: