Ақнар Гүлстанның ісі бойынша күдіктілер бар ма

Ақнар Гүлстанның ісі бойынша күдіктілер бар ма, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.06.2026 16:29 Сурет: Zakon.kz/Оксана Даирова
2026 жылғы 11 маусымда Сенат кулуарында Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Ақнар Гүлстанның қаза болуына қатысты іс бойынша түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, қылмыстық іс қазіргі уақытта Ішкі істер министрлігінің тергеу департаментінде қаралуда.

"Алматыға аса маңызды істер жөніндегі аға тергеуші іссапармен жіберілді. Сараптама нәтижелері мен қылмыстық іс материалдарының бір бөлігі халықаралық тергеу тапсырмасы арқылы Қытай Халық Республикасына жолданды. Қытай әріптестерімізден жауап күтіп отырмыз", – деді ол.

Сондай-ақ ол қайтыс болған күні марқұммен бірге болған қыздардың мәртебесіне қатысты сұраққа да жауап берді.

"Аталған қылмыстық іс бойынша әзірге ешкім күдікті ретінде танылған жоқ. Тергеу қолданыстағы Қылмыстық-процестік кодекс нормаларына сәйкес жалғасуда. Халықаралық тергеу тапсырмасы ҚХР-ға жіберілді, себебі ол бұрын Қытай Халық Республикасында оқып, тұрған", – деп нақтылады вице-министр.

Айта кетейік, 2025 жылғы 28 мамырда Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Ақнар Гүлстанның Алматыдағы өліміне қатысты айтылған барлық уәждер толық тексеріліп жатқанын, сондай-ақ істі жеке бақылауында ұстап отырғанын мәлімдеген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: