Қазақстандағы бір қала үш айға жуық ыстық сусыз қалады

Кран с водой, вода, водоснабжение, система водоснабжения, отсутствие воды, отключение воды, раковина, горячая вода, холодная вода, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.06.2026 09:41 Фото: freepik
"Жайықжылуэнерго" АҚ Орал қаласындағы Құрылысшы шағынауданында ыстық су беру уақытша тоқтатылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Mgorod.kz мәліметінше, коммуналдық қызмет мамандары жаңа жылыту маусымына дайындық жүргізіп жатыр. Осыған байланысты №28 және №33 жылу пункттерінен тартылған орамішілік жылу желілерін қайта жаңғырту жұмыстары аясында бірқатар мекенжайда ыстық су өшіріледі.

Шектеулер 2026 жылғы 8 маусым мен 31 тамыз аралығында күшінде болады.

Ыстық су келесі мекенжайларда уақытша тоқтатылады:

  • Құрылысшы шағынауданы: №2/2, 29, 30, 33, 33/1, 34, 35, 36, 37, 38, 39 үйлер;
  • Циолковский көшесі: №6, 6/1, 8, 10, 10/1, 12, 18, 18/1 үйлер;
  • Матросов көшесі, №170;
  • №5 жалпы орта білім беретін мектеп;
  • №9 жалпы орта білім беретін мектеп.

"Жайықжылуэнерго" АҚ қала тұрғындарынан уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, ауқымды жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды өтінді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: