Рақымшылыққа ілігіп, қайта қылмыс жасаған: Бастапқы сот шешімі қайтарылды

Тюрьма, тюрьмы, места лишения свободы, зона, решетка, лишение свободы, заключенный, заключенные, заключение, колония, место заключения, места заключения, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.06.2026 12:04 Фото: Zakon.kz
Қарағанды облысының тұрғыны бұған дейін алаяқтық жасағаны үшін сотталғанына қарамастан, жазасын өтеу кезеңінде қайтадан осындай қылмыстарды жасаған. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгілі болғандай, ол Instagram әлеуметтік желісінде әйелдер киімін сату туралы хабарландыру орналастырып, азаматтардан алдын ала төлем алған. Алайда тауарды жеткізбей, түскен қаражатты өз қалауы бойынша жұмсаған.

Осылайша, Теміртау қалалық сотының үкімімен аталған әйел алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылған.

Апелляциялық сатыдағы сот оған "Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" Заңды қолданып, жазаны 2 жыл 4 айға дейін қысқартқан.

Алайда сот актілерін тексеру барысында рақымшылықтың заңсыз қолданылғаны анықталды.

Заңға сәйкес, алдыңғы үкім бойынша жазасын өтеу кезеңінде қасақана қылмыс жасаған адамдарға рақымшылық қолдануға тікелей тыйым салынады.

Бас прокуратураның наразылығы бойынша рақымшылықты қолданудың күші жойылды. Сотталған әйелге 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

"Рақымшылық - гуманизм актісі. Алайда ол жазасын өтеу кезінде қайтадан қасақана қылмыс жасаған адамдарды жауаптылықтан босатпайды".ҚР Бас прокуратурасы

Бұған дейін Алматыдағы беделді аудандардың бірінде "танымал қызмет" түрінің жұмысы тоқтатылғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: