Қазақстан бойынша бопсалаушылар ұсталуда: Полицейлер бірқатар істі атап өтті
Сурет: ҚР ІІМ
ІІМ уақытылы жүргізілген жедел-профилактикалық шаралардың нәтижесінде тіркелген бопсалау фактілерінің саны 15% төмендегенін мәлімдеді. Сонымен қатар аталған қылмыстардың ашылу көрсеткіші іс жүзінде жүз пайыз деңгейінде сақталып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мәселен, Абай облысында профилактикалық және жедел жұмыстардың нәтижесінде облыс орталығы тұрғындарынан ақша бопсалаумен айналысқан алты адамнан тұратын қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойылды.
Павлодар облысында студенттерден ақша бопсалады деген күдікпен екі адам дер кезінде қолға түсті.
Алматы облысында әлеуметтік желілер арқылы жүзеге асырылған бопсалау схемасының жолы кесілді.
"Полиция азаматтарды бопсалау және өзге де заңға қайшы әрекеттер фактілері туралы дереу хабарлауға шақырады",- делінген полиция үндеуінде.
Бұған дейін Өскеменде бұзақылық жасаған 20 жасар елордалық қамауға алынғанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript