Қазақстанда 1 шілдеден бастап шағын көлемді су көліктеріне тексеру жүргізіледі

Қазақстанда 1 шілдеден бастап шағын көлемді су көліктеріне тексеру жүргізіледі, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.06.2026 12:08 Сурет: magnific
Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов шағын көлемді су көліктерін тексеру басталатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министр бұл ақпаратты 2026 жылғы 9 маусымда өткен Үкімет отырысында айтты.

"Тексеру шараларын 1 шілдеден бастап бастаймыз. Ел аумағындағы су айдындарында шағын көлемді су көліктері мен олардың тұрақ базаларына тексеру жүргізіледі. Егер өрескел заңбұзушылықтар анықталса, жедел әрекет ету шаралары қабылданады", – деді министр.

Сондай-ақ оның айтуынша, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жағалау аймақтарында жасанды интеллектпен жабдықталған бейнебақылау жүйелері кезең-кезеңімен енгізіліп жатыр.

Мұндай жүйе қазірдің өзінде Алакөл көлі жағалауында орнатылған.

Бұған дейін Өскеменде бұзақылық жасаған 20 жасар елордалық қамауға алынғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: