Алматыдағы оқу-жаттығу кезінде полицейлер зардап шекті
Фото: zakon.kz
Алматыда жоспарлы оқу-жаттығу кезінде жарық-дыбыс гранатасының мерзімінен бұрын жарылуы салдарынан полиция қызметкерлері зардап шекті
Ведомствоның мәліметінше, оқу-жаттығу кезінде адам өліміне әкелмейтін қол жарық-дыбыс гранатасы іске қосылған.
Оқиға болған жерге жақын тұрған арнайы бөлімше қызметкерлеріне дер кезінде медициналық көмек көрсетілді.
Қазіргі уақытта қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр.
Полиция әлеуметтік желілерде тараған ақпаратты жоққа шығарды.
– Қызметкерлердің көптеп зардап шеккені және олардың жағдайы ауыр екені туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді, – деп мәлімдеді Алматы қалалық полиция департаменті.
Ведомство жалған мәлімет таратпауды және бұл үшін жауапкершілік бар екенін ескертті.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript