Қазақстанда ірі айналма жолдардың бірінің техникалық жағдайы тексеріледі

Платные участки дорог, платная дорога, платные дороги, плата за проезд, стоимость проезда, БАКАД, Большая Алматинская кольцевая автомобильная дорога, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.06.2026 09:02 Фото: Zakon.kz
"Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты" АҚ (ҚазжолҒЗИ) Қазақстандағы ірі инфрақұрылымдық және көлік жобаларының бірі – Үлкен Алматы айналма автомобиль жолын (ҮАААЖ) кешенді диагностикалау жұмыстарына кірісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгінде ҮАААЖ Алматы қаласы мен Алматы облысының көлік жүйесінде маңызды рөл атқарады. Автомобиль жолы қала көшелеріндегі көлік жүктемесін азайтуға, транзиттік көлік қозғалысын жеделдетуге және өңірдің логистикалық тиімділігін арттыруға ықпал етеді. Сонымен қатар жоба көлік ағындарын қайта бөлу арқылы елдің транзиттік әлеуетін дамытуға, көлік байланысын жақсартуға және экологиялық жағдайды оңалтуға оң әсерін тигізуде.

Бірлескен жұмыстар аясында ҚазжолҒЗИ мамандары жол инфрақұрылымына кешенді диагностика жүргізуде. Зерттеулер барысында жол жамылғысының жай-күйі бағаланып, оның тегістігі, ілінісу коэффициенті мен кедір-бұдырлық параметрлері анықталады. Сондай-ақ, ақаулар мен бұзылулар анықталып, жол бойындағы көпірлер, жол өткелдері және басқа да жасанды құрылыстардың техникалық жағдайына тексеру жүргізіледі.

Кешенді диагностика нәтижелері бойынша ҚазжолҒЗИ мамандары ҮАААЖ одан әрі күтіп-ұстау, жөндеу және дамыту жөнінде ғылыми негізделген ұсынымдар әзірлейтін болады. Сондай-ақ, алынған нәтижелер автомобиль жолының ұзақ мерзімділігі мен пайдалану сенімділігін арттыруға, күтіп-ұстау тәсілдерін жетілдіруге, жол төсемесінің қалдық ресурсын бағалауға, жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға, сондай-ақ жол инфрақұрылымын мониторингтеу, диагностикалау және цифрлық басқарудың заманауи әдістерін енгізуге негіз болады.

Бұған дейін Алматы облысы аумағындағы ҮАААЖ-ға қосылатын жолдарды ұзарту Алматы қаласының бюджеті есебінен жүзеге асырылатынын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: