Алматылық полицейлер заң бұзған бірқатар жүргізушіні анықтады - видео

Машина полиции, полицейский автомобиль, полицейские, полиция, автомобиль полиции, полицейская машина, патрульная машина, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.06.2026 10:12 Фото: unsplash
Алматылық полицейлер танымал даңғылдардың бірінде "тар мойын" әдісі арқылы тексеріс жүргізіп, бірқатар құқықбұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, түнгі уақытта қаланың негізгі көлік магистральдарының бірі – Абай даңғылында полиция қызметкерлері күшейтілген бақылау шараларын өткізді. Шығыс және батыс бағыттарында арнайы сүзгілік бекеттер қойылып, көліктер "тар мойын" әдісі арқылы тексерілді.

"Іс-шараның басты мақсаты – жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өрескел жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілерін анықтау және жолын кесу. Әсіресе мас күйде көлік басқару, есірткілік масаңдық белгілері бар жүргізушілерді анықтау, сондай-ақ техникалық ақауы бар және заңсыз қараңғылатылған көліктерге ерекше назар аударылды",- делінген ақпаратта.

Профилактикалық рейд барысында көлік құралдары жан-жақты тексерілді. Жұмысқа эвакуаторлар мен қызметтік иттері бар кинологиялық бөлім қызметкерлері де жұмылдырылды.

Нәтижесінде бір түннің өзінде аталған аумақта 70-тен астам әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді.

Бұған дейін Алматыда 71 жастағы зейнеткер өз-өзіне қол жұмсағанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: