Алматы әуежайы аумағындағы құрылыс алаңында болған оқиғадан кейін тексеріс басталады

Аэропорт в Алматы, аэропорт Алматы, Алматинский аэропорт, здание аэропорта Алматы, парковка аэропорта Алматы, парковочные места в аэропорту Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.06.2026 22:21 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Алматыда халықаралық әуежай аумағындағы құрылыс алаңында болған оқиғадан кейін жоспардан тыс тексеріс жүргізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық Құрылыс бақылауы басқармасының мәліметінше, тексеріске бұқаралық ақпарат құралдарында 11 маусым күні құрылыс жұмыстары барысында болған оқиға туралы тараған ақпарат себеп болған.

Алдын ала деректер бойынша, құрылыс алаңында құрылыс конструкцияларының (құбырлардың) құлауы тіркелген. Оқиғаның мән-жайы нақтылануда, тексеруді прокуратура органдарында тіркеу үшін материалдар жиналып жатыр.

Жоспардан тыс тексеру аясында мамандар құрылыс нормаларының сақталуына және жұмыстарды ұйымдастыру тәртібіне құқықтық баға бермек.

Бұзушылықтар анықталған жағдайда, жауапты тұлғаларға заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: