"Ортақ мақсаттар үшін": аманаттықтар "Әділет" партиясына қосылу туралы шешімді қолдады

Ерлан Кошанов, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.06.2026 16:11 Фото: senate.parlam.kz
AMANAT партиясының төрағасы Ерлан Қошанов "Әділет" партиясымен қосылу ресурстарды біріктіріп, әділетті әрі прогрессивті Қазақстан құру бағытындағы жұмысты күшейтуге мүмкіндік беретінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Қошановтың айтуынша, бүгінгі таңда елге алауыздық тудыратын жаңа себептер емес, керісінше ортақ мақсатқа жету үшін күш біріктіретін тұстар қажет.

"Осы жауапты сәтте біз бірлесе, ресурстарымызды жаңа саяси партия – "Әділет" партиясымен қосуымыз керек. Осылайша бір саяси күштің құрамында отырып, әділетті және прогрессивті Қазақстанды құруды жалғастырамыз. Біз өз ұстанымдарымыздан, сенімдеріміз бен идеяларымыздан бас тартпаймыз. Керісінше, оларды одан әрі күшейтіп, мүмкіндіктерін кеңейтіп, жаңа деңгейге шығарамыз. Әлемдік тәжірибеде ел мүддесі үшін партиялардың күш біріктіруінің көптеген мысалдары бар", – деді ол.

Оның айтуынша, бұл – табиғи әрі саяси жағынан жетілген қадам.

Бүгін, 12 маусымда Астанада AMANAT партиясының съезі өтіп жатыр. Онда делегаттар "Әділет" партиясына қосылуды қолдады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: