Алматыда 13-19 маусым аралығында +35 градусқа дейін аптап ыстық болады

Сильная жара, лето, высокая температура, термометр, зной, солнце, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.06.2026 19:01 Фото: pixabay
Алматы тұрғындарын алдағы аптада нағыз жазғы ауа райы күтеді. Синоптиктердің болжамынша, ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріледі, ал Қапшағай маңында +38°С-қа дейін жетуі мүмкін.

Алайда аптаның екінші жартысында қысқа мерзімді жауын-шашын болуы ықтимал. Zakon.kz алдағы бір аптаға арналған ауа райына болжам ұсынады.

"Қазгидромет" РМК Алматы және Алматы облысы филиалының жетекші инженер-синоптигі Светлана Аманкулованың айтуынша, алдағы аптада қалада ауа райы ыстық болады және негізінен жауын-шашынсыз өтеді.

"Тек аптаның екінші жартысында күндіз қысқа мерзімді жаңбыр мен найзағай, желдің күшеюі күтіледі. Ауа температурасы күндіз біртіндеп +30+32 градус жылудан +33+35 градус қатты ыстыққа дейін көтеріледі", – деді гидрометорталық өкілі.

Мамандар күн өтіп кетпеуі үшін бас киім киюді және ыстық түскі уақытта сыртқа шыққанда міндетті түрде су алып жүруді ұсынады.

Сонымен қатар Қапшағай су қоймасы маңында демалушыларға күннен қорғайтын құралдарды қолдану ұсынылады, себебі бұл аймақта ауа температурасы +38 градусқа дейін жетеді.

"Тауға шығатын және белсенді демалысты ұнататын азаматтарға ескерту: таулы аймақтарда жаңбыр күштірек болуы мүмкін, ал желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді. Тауда абай болыңыздар!" – деді синоптик.

Алматы бойынша 13-19 маусым 2026 жылға арналған ауа райы болжамы:

13 маусым: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 3–8 м/с, күндіз екпіні 13 м/с. Температура түнде +18+20°С, күндіз +30+32°С.

14 маусым: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел батыстан 3–8 м/с. Температура түнде +18+20°С, күндіз +31+33°С.

15 маусым: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел батыстан 3–8 м/с. Температура түнде +20+22°С, күндіз қатты ыстық +33+35°С.

16 маусым: көшпелі бұлтты, күндіз қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-батыстан 3–8 м/с, күндіз екпіні 15 м/с. Температура түнде +20+22°С, күндіз +33+35°С.

17-18 маусым: көшпелі бұлтты, қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай. Жел батыстан шығысқа ауысады 3–8 м/с, кейде екпіні 15–18 м/с. Температура түнде +18+20°С, күндіз +33+35°С.

19 маусым: көшпелі бұлтты, күндіз қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай. Жел шығыстан 3–8 м/с, күндіз екпіні 15 м/с. Температура түнде +20+22°С, күндіз +33+35°С.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: