Алматыда бірнеше автобус бағытының қозғалыс сызбасы өзгерді

Общественный транспорт в Алматы, автобусы в Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.06.2026 11:36 Фото: Zakon.kz
Алматы қаласында жөндеу жұмыстарына байланысты бірқатар жол учаскелері уақытша жабылып, қоғамдық көлік маршруттарының қозғалыс сызбасына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық көлік холдингінің мәліметінше, бұған дейін 17 маусымнан бастап әл-Фараби даңғылының бір бөлігі жабылатыны туралы хабарланған еді. Соған байланысты №45 автобус маршрутының қозғалыс сызбасы өзгертілді.

№45 маршрут

Оңтүстік бағытта: Достық даңғылы – Қажымұқан көшесі – Назарбаев даңғылы – әрі қарай бұрынғы сызба бойынша.

Кері бағытта: өзгеріссіз.

Сондай-ақ 17 маусымнан бастап Габдуллин көшесінің (Манас көшесінен Әуезов көшесіне дейінгі аралық) орташа жөндеу жұмыстарына байланысты №7 троллейбус маршруты уақытша өзгертіледі.

№7 троллейбус

Солтүстік бағытта: Әуезов көшесі – Бұқар жырау көшесі – Манас көшесі – әрі қарай бұрынғы сызба бойынша.

Кері бағытта: өзгеріссіз.

Бұдан бөлек, Шемякин көшесінің (Рысқұлов даңғылынан Хмельницкий көшесіне дейін) орташа жөндеуіне байланысты №8, №32, №51, №79 және №126 маршруттарының қозғалысына да уақытша өзгерістер енгізілді. Жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін қозғалыс жаңа сызба бойынша жүзеге асады.

№8 маршрут

Солтүстік бағытта: Жангелдин көшесі – Папанин көшесі – Хмельницкий көшесі – әрі қарай бұрынғы сызба бойынша.

Кері бағытта: Хмельницкий – Гете – Руставели – Папанин – Жангелдин – әрі қарай бұрынғы сызба бойынша.

№32 маршрут

Солтүстік бағытта: Жангелдин – Папанин – Хмельницкий – Майлин – әрі қарай бұрынғы сызба бойынша.

Кері бағытта: Майлин – Хмельницкий – Гете – Руставели – Папанин – Жангелдин – әрі қарай бұрынғы сызба бойынша.

№51 маршрут

№79 маршрут

№126 маршрут

Солтүстік бағытта: Жангелдин – Папанин – Хмельницкий – әрі қарай бұрынғы сызба бойынша.

Кері бағытта: Хмельницкий – Гете – Руставели – Папанин – Жангелдин – әрі қарай бұрынғы сызба бойынша.

Сонымен қатар 2026 жылғы 16 маусымнан 20 шілдеге дейін Алматыда Жұмабаев көшесінде автокөлік қозғалысы шектелгені хабарланды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: