19 маусымда Қазақстанның 14 өңірінде аптап ыстық болады
Фото: Zakon.kz
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 2026 жылғы 19 маусымға арналған ауа райы болжамы мен қауіпті метеорологиялық құбылыстар туралы ақпаратты жариялады. Болжамға сәйкес, еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық сақталады.
Синоптиктердің мәліметінше, күндіз ауа температурасы +35...+42 градусқа дейін көтерілетін қатты ыстық мына өңірлерде күтіледі:
- Атырау облысында;
- Маңғыстау облысында;
- Ақмола облысында;
- Павлодар облысында;
- Қарағанды облысында;
- Шығыс Қазақстан облысында;
- Алматы облысында;
- Абай облысында;
- Жетісу облысында;
- Ұлытау облысында;
- Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде;
- Қостанай облысының оңтүстігінде;
- Ақтөбе облысының оңтүстігі мен шығысында;
- Қызылорда облысының солтүстігінде.
Сонымен қатар, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр күтіледі, ал солтүстік-батыс, оңтүстік және орталық өңірлерде дауылды жел соғады.
Сондай-ақ республика бойынша жел күшейіп, солтүстік-батыс пен солтүстік өңірлерде түнгі және таңғы уақытта тұман түсуі ықтимал.
Бұдан бөлек, еліміздің бірқатар өңірінде өрт қаупі сақталады.
Өрт қаупінің жоғары деңгейі:
- Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында;
- Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде;
- Маңғыстау облысының батысы мен солтүстік-шығысында;
- Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының оңтүстігі мен шығысында;
- Ақмола облысының орталығында;
- Алматы облысының оңтүстігі мен батысында;
- Жетісу облысының орталығы мен оңтүстігінде.
Төтенше өрт қаупі:
- Қызылорда облысында;
- Қостанай облысының оңтүстігі мен оңтүстік-батысында;
- Ақмола облысының шығысында;
- Павлодар облысының солтүстігі мен шығысында;
- Қарағанды облысының батысы мен орталығында;
- Ұлытау облысының шығысы мен оңтүстігінде;
- Абай облысының батысы, солтүстік-шығысы және оңтүстігінде;
- Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысы, оңтүстігі және орталығында;
- Түркістан облысының батысы мен солтүстігінде;
- Жамбыл облысының батысы мен оңтүстігінде;
- Алматы облысының солтүстігінде;
- Жетісу облысының шығысы мен батысында.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript