41 градус ыстық: жұмада қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Жара в Алматы, лето в Алматы, алматинское лето, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.06.2026 20:10 Фото: Zakon.kz
"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 19 маусымда елдің басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қарағанды облысының батысында жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың батысында екпіні 18 м/с. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, орталығында төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағандыда күндіз қатты ыстық 35 градус.

Ұлытау облысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында, шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында 38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Жетісу облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шыгыстан жел соғады, Алакөл көлдері аудандарында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың орталығында, оңтүстігінде жоғары өрт каупі, облыстың шығысында, батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанмда күндіз қатты ыстық 35 градус күтіледі. Жоғары өрт каупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавл қ.: 19 маусымда күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі.

Маңғыстау облысының батысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз облыста 38-41 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтауда жоғары өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Астанада кей уақыттарда жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі.

Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай, таулы аудандарында кей уақыттарда катты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20, екпіні 23 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Түркістанда өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады

Атырау облысының батысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-18 м/с. Күндіз 35-39 градус қатты ыстық. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады. Атырауда күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматы облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, батысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Алматыда күндіз өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаевта күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 19 маусымда өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Астанада кей уақыттарда жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Көкшетауда күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі.

Павлодар облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының орталығында, шығысында жаңбыр, найзағай, дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында, шығысында күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде 42 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада күндіз жаңбыр, найзағай, дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен соғады, күндіз екпіні 15 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі, облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанайда күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі.

Абай облысында 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, солтүстік-шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының шығысында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде төтенше өрт қаупі сақталады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: