БҚО-да балалар орталығының бухгалтері бюджеттен 9 млн теңгеден астам қаржыны жымқырған

Деньги, тенге, национальная валюта РК, курс тенге, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.06.2026 23:02 Фото: Zakon.kz
Батыс Қазақстан облысында Тасқала ауданы білім бөлімінің "Мектептен тыс жұмыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнаның бухгалтері бюджет қаражатын ірі көлемде жымқырғаны үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық прокуратураның 18 маусымдағы мәліметінше, мемлекеттік қаржының заңсыз иемденілгені тексеру барысында анықталған.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 189-бабы 3-бөлігі 1-тармағында (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету) көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілерімен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Жиналған дәлелдер негізінде қылмыстық іс сотқа жолданып, іс қарауы аяқталды.

Сот үкімімен бухгалтер 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. Сондай-ақ оған 3 жыл бойы материалдық жауапкершілікке байланысты лауазымдарды атқаруға тыйым салынды.

Прокуратураның мәліметінше, жымқырылған 9 миллион теңгеден астам қаражат толық көлемде бюджетке қайтарылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: