Алматыда кондоминиум нысандарын басқару жарнасының ең төменгі мөлшері ұлғайтылды

Новостройка, новостройки, новые дома, новый дом, жилые комплексы, ЖК, высотные дома, многоэтажные дома , сурет - Zakon.kz жаңалық 19.06.2026 09:06 Фото: Zakon.kz
Алматы қаласы мәслихатының 2026 жылғы 10 маусымдағы кезекті сессиясында қабылданған шешіммен 2026 жылға арналған кондоминиум нысандарын басқару бойынша ең төменгі жарна мөлшері бекітілді.

Құжатқа сәйкес, жарнаның ең төменгі мөлшері 2026 жылға белгіленген айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 0,016 мөлшерінде айқындалды. Бұл ай сайын тұрғын үйдің әрбір шаршы метрі үшін 70 теңгені құрайды.

Шешім 2026 жылғы 28 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.

Салыстырмалы түрде айтқанда, 2025 жылы Алматы қаласында кондоминиум нысанының ортақ мүлкін басқару мен күтіп-ұстауға арналған ең төменгі төлем мөлшері бір шаршы метр үшін 40 теңге болған.

Бұған дейін Алматыда қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару тарифтері де көтерілгені хабарланған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: