Алаяқтық жасады деген күдікпен халықаралық іздеуде жүрген ер адам Түркиядан депортацияланды
Фото: Zakon.kz
Іздеуде жүрген ер адам Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша Түркияның Самсун қаласында ұсталған. Оны Қазақстанға қайтаруды ұйымдастыруда ҚР ІІМ-нің Түркия Республикасындағы өкілі мен Қазақстан Республикасының Елшілігі өзара іс-қимыл жасап, елеулі көмек көрсетті.
Тергеу мәліметі бойынша күдікті 2024 жылдың қыркүйек-желтоқсан айлары аралығында ақпараттық жүйелер мен Instagram әлеуметтік желісіндегі аккаунтын пайдаланып, Атырау қаласының екі тұрғынының үш миллион теңгеден астам қаражатын алдап иемденген.
Күдікті ұсталып, Алматы қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі жауапкершіліктен жалтарып, елімізден тыс жерде жүрген адамдарды анықтау және оларды ұстау бойынша жұмысты жалғастырады.