Таразда тергеу мекемесіне жасырын камера орнатылған көзілдірік кіргізбек болғандар ұсталды

Таразда тергеу мекемесіне жасырын камера орнатылған көзілдірік кіргізбек болғандар ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.06.2026 16:02 Сурет: polisia.kz
Жамбыл облысында ҚАЖД-ға қарасты №59 мекемеге тыйым салынған техникалық құрылғыны алып кіру әрекетінің жолы кесілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

19 маусым күні сағат 13:10 шамасында алдын ала алынған жедел ақпаратты іске асыру мақсатында Тараз қаласындағы №59 мекеме қызметкерлері мен ВЧ-5513 әскери бөлімінің бақылау-өткізу тобы бірлесіп жоспарлы тексеру жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара барысында қысқа мерзімді кездесуге келген азаматтың жеке заттарын тексеру кезінде мекеме аумағына тыйым салынған техникалық құрылғыны алып кіру әрекеті анықталды. Тексеру нәтижесінде азаматтың қол жүгінен сырт көзге қарапайым қара түсті көзілдірік ретінде жасырылған, алайда ішкі құрылымына аудио және бейнежазба жүргізуге арналған арнайы техникалық жабдық орнатылған құрылғы табылып, тәркіленді.

Тексеру басталғанға дейін азаматқа Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мекеме аумағына алып кіруге тыйым салынған заттарды өз еркімен тапсыру қажеттігі түсіндірілген. Соған қарамастан ол тыйым салынған құрылғыны мекеме аумағына алып кіруге әрекет жасаған.

Аталған дерек бойынша барлық материалдар белгіленген тәртіппен тіркеліп, оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақырылды. Сонымен қатар материалдар тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардың қарауына жолданды.

Жиналған құжаттар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабы аясында құқықтық баға беру және әкімшілік жауапкершілік мәселесін қарау үшін сот органдарына жіберілді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: