Қарағанды облысында фестиваль қатысушыларының бірінің денсаулығы кенеттен сыр берді

Қарағанды облысында фестиваль қатысушыларының денсаулығы кенеттен сыр берді, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.06.2026 16:46 Сурет: polisia.kz
Қарағанды облысында ЖҚАЖ қызметкері жас жігіттің өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Balqash Tour Fest фестивалі кезінде қатысушылардың бірінің денсаулығы кенеттен сыр беріп, жағдайы нашарлады. Оқиға орнында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп жүрген Қарағанды облысы полиция департаментінің жылдам қимылдайтын арнайы жасағының қызметкерлері бірден көмекке ұмтылды.

Тәртіп сақшылары жедел әрі кәсіби түрде алғашқы медициналық көмек көрсетіп, зардап шегушінің қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Сондай-ақ жедел жәрдем бригадасы жеткенге дейін оның жағдайын тұрақты бақылауда ұстап отырды. Полицейлердің сауатты және үйлесімді әрекеттерінің арқасында жас жігіттің жағдайы уақытылы тұрақтандырылып, ауыр зардаптардың алдын алуға мүмкіндік туды.

Оқиға орнына келген медицина қызметкерлері жылдам қимылдайтын арнайы жасақ жауынгерлерінің көмегі дер кезінде әрі жоғары деңгейде көрсетілгенін атап өтті. Мамандардың айтуынша, полиция қызметкерлерінің жедел әрекеті зардап шегушінің денсаулығын сақтап қалуда маңызды рөл атқарған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: