21 маусымда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Фото: unsplash
Қызылорда облысының шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз облыс бойынша 40-42 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада күндіз 40 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Алматы облысының тау бөктеріндегі аудандарында аздаған жаңбыр, найзағай, облыстың таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың солтүстігінде 38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, батысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қонаевта оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады. Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 21 маусымда өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.
Жетісу облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт каупі, облыстың шығысында, батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, батысында жоғары өрт қаупі күтіледі. Ақтөбеде кей уақыттарда жаңбыр, найзағай күтіледі.
Астанада күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде төтенше өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысының оңтүстігінде, шығысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық, облыстың батысында, оңтүстігінде 40-41 градус өте қатты ыстық күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі.
Абай облысында жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт каупі күтіледі, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде жоғары өрт каупі күтіледі.
Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі. Таразда таңертең және күндіз өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі.
Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батыс бағытына ауысатын жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент қ.: 21 маусымда өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батыс бағытына ауысатын жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Түркістанда өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батыс бағытына ауысатын жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Оралда жаңбыр, найзағай, кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде 35-36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі. Қарағандыда жоғары өрт қаупі күтіледі.
Павлодар облысында 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі, облысының солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады. Атырауда кей уақыттарда жаңбыр, найзағай күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық, облыстың оңтүстігінде 40 градус өте қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанайда күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында екпіні 15-18 м/с күтіледі. Күндіз облыста 38-42 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтауда кей уақыттарда жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавл қ.: 21 маусымда түнде және таңертең тұман күтіледі.