Таңбалаусыз әкелуге тыйым салынды: Алматыдағы МКД импорттаушыларға шұғыл үндеу жасады

Маркировка товаров, маркировка товара, штрихкод, штрихкоды, код товара, серийный номер, код проверки, сканер для маркировки, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.06.2026 16:07 Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 22 маусымда Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар мен кәсіпкерлерге аяқ киім импортына қатысты соңғы талаптардың күшіне енгенін ресми түрде хабарлады, деп жазады Zakon.kz.

Ведомствоның мәліметінше, Қазақстанда аяқ киімді міндетті таңбалау жүйесі 2021 жылғы 1 қарашадан бастап Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы халықаралық келісімдерге сәйкес енгізілген.

"Мемлекет бизнеске кезең-кезеңімен бейімделу үшін өтпелі кезеңдер берді. 2024 жылғы 9 желтоқсанда бұл өтпелі кезең толық аяқталды. Осыған байланысты таңбалау қағидаларына енгізілген өзгерістер күшіне енді (ҚР Индустрия және құрылыс министрлігінің 2024 жылғы 26 қарашадағы №404 бұйрығы)", – делінген хабарламада.

Импорттаушылар үшін негізгі өзгеріс

Енді импорттаушылар мен уәкілетті экономикалық операторлар шетелде өндірілген аяқ киімге сәйкестендіру белгілерін (DataMatrix кодтарын) Қазақстан аумағына әкелінгенге дейін немесе тауар ішкі тұтыну үшін кедендік рәсімдерге орналастырылғанға дейін міндетті түрде енгізуге тиіс.

Бұл нені білдіреді

Таңбалаусыз аяқ киімді елге әкеліп, кейін Қазақстан ішінде таңбалау мүмкіндігі жойылды. Енді тауар шекарадан тек алдын ала қойылған DataMatrix кодтарымен өтуі тиіс.

"Бұл шаралар көлеңкелі импортты азайту және заңды бизнесті қорғауға бағытталған. Жүктің кеденде кідірмеуі және әкімшілік жауапкершілікке тартылмауы үшін барлық талаптарды қатаң сақтауды сұраймыз", – деп ескертті МКД.

Айта кетейік, 2026 жылдың мамыр айында Қазақстанда жеңіл өнеркәсіп тауарларын да таңбалау жоспарланғаны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: