WhatsApp-тағы бір хабарлама қазақстандыққа 3,5 млн теңге шығын әкелді

Хакеры, кибербезопасность, мошенничество, мошенники, защита данных, взлом данных, личные данные, персональные данные, защита персональных данных, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.06.2026 09:18 Фото: pixabay
Қазақстандық азамат WhatsApp арқылы танысымен сөйлесіп отырмын деп ойлап, 3,5 млн теңгесінен айырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шымкентте полиция қызметкерлері өздерін азаматтардың туыстары мен таныстары ретінде таныстырып, алаяқтық жасаған ұйымдасқан топты ұстады. Бұл туралы Astana TV телеарнасы мәлімдеді.

Тергеу мәліметінше, күдіктілер шұғыл көмек қажет екенін айтып хабарлама жолдап, жәбірленушілерді өздерінің бақылауындағы шоттарға ақша аударуға көндірген. Солардың біріне алданып қалған азамат өзін танысымен хат алмасып отырмын деп ойлап, 3,5 млн теңге аударып жіберген.

Арнайы операция барысында киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері күдіктілер жалдап тұрған пәтерден 19 SIM-карта, 11 ұялы телефон және қылмыстық әрекеттерде пайдаланылған болуы мүмкін планшетті тәркіледі.

Қазіргі уақытта Астана мен Шымкент қалаларында жасалған алаяқтықтың екі фактісі анықталды. Келтірілген жалпы шығын көлемі 7,5 млн теңгені құрайды.

"Үш күдікті қамауға алынды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр", – делінген телеарна сюжетінде.

Сонымен қатар, алаяқтар WhatsApp мессенджері арқылы автокөліктер мен түрлі жүктерді тасымалдау қызметтерін ұйымдастыру кезінде де азаматтарды алдап жүргені белгілі болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: