Алматыда жол үстіндегі жанжал төбелеске ұласты

Алматыда жол үстіндегі жанжал төбелеске ұласты, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.06.2026 18:47 Сурет: видео скрині
Алматыда Саин көшесі мен Абай даңғылының қиылысында болған төбелеске қатысты полиция түсінік берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлеуметтік желілерде тараған видеода бірнеше адамның жол үстінде жанжалдасып, кейін төбелеске ұласқаны көрінеді. Оқиға полицияның назарына ілігіп, жедел іздестіру шаралары жүргізілді.

Алматы полиция департаментінің мәліметінше, оқиғаға қатысы бар барлық азамат анықталып, полиция бөлімшесіне жеткізілген.

Тексеру барысында жанжалға жеңіл көлік жүргізушісі, шағын автобустың жолаушысы және екі кәмелетке толмаған жасөспірім қатысқаны белгілі болды. Бастапқыда жол үстінде туындаған сөз таласы кейін төбелеске ұласқан. Оқиға куәгерлерінің араласуымен тоқтатылған.

Полиция әрбір қатысушының әрекетіне құқықтық баға беріп, жол қозғалысы ережелерін бұзудың бірнеше дерегін анықтаған. Соған сәйкес кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қазіргі уақытта ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін жолданған. Тексеру жұмыстары жалғасып жатыр.

Полиция өкілдері жүргізушілер мен жолаушыларды жолдағы мәдениет пен өзара құрмет қағидаларын сақтауға шақырып, кез келген агрессия мен жанжалды күш қолдану арқылы шешуге тырысу заң алдында жауапкершілікке әкелетінін ескертті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: