Алматыда "Медеу" бөгетінің баспалдағына жыл сайынғы жүгіру жарысы өтеді
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда "Медеу" бөгетінің баспалдағына дәстүрлі жүгіру жарысы өтеді. Бұл жыл сайын салауатты өмір салтын ұстанатын және спортпен айналысатын жүздеген адамның басын қосатын дәстүрлі спорттық іс-шара.
2026 жылы 27 маусымда өтетін жарыс қаланың ең ауқымды бұқаралық спорттық іс-шараларының бірі болмақ.
Іс-шараның мақсаты – бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау және тұрғындарды дене шынықтырумен тұрақты түрде айналысуға тарту. Жарысқа 7 жастан бастап және одан жоғары жастағы спортшылар мен спортсүйер қауым қатысады.
Қатысушылар жас ерекшеліктеріне қарай 100, 200, 500 және 842 баспалдақ қашықтықтары бойынша сынға түседі.
Жарыстың басталу кестесі:
- 09:30 – 100 баспалдақ;
- 10:30 – 200 баспалдақ;
- 11:30 – 500 баспалдақ;
- 13:30 – 842 баспалдақ.
"Медеу" бөгетінің баспалдағына жүгіру жарысы дәстүрлі түрде көптеген қатысушы мен көрерменді жинап, Алматыдағы ең танымал бұқаралық спорттық іс-шаралардың бірі саналады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript