Қасым-Жомарт Тоқаев Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжге барды

Қасым-Жомарт Тоқаев Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжге барды , сурет - Zakon.kz жаңалық 26.06.2026 16:25 Сурет: akorda.kz
2026 жылдың 26 маусымында Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне қарасты Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледждің қызметімен танысты.

Ақорданың баспасөз қызметі берген ақпаратқа сай, президентке халықаралық әскери-патриоттық жиынға қатысушылардың Dubai SWAT Challenge кедергілер жолағының баламасы ретінде жасалған "Айбын" кедергілер жолағымен жүріп өткен сәті және атыс дайындығын пысықтайтын Action Air дайындық алаңы көрсетілді.

Сонымен қатар жастарға патриоттық тәрбие берудің Aibyn App цифрлық платформасы мен колледж кітапханасы таныстырылды.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы оқу-зертхана кешенін аралап көрді. Мұнда кадеттер елімізде құрастырылған симуляциялық қондырғыларда жаттығады.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа отандық "Арлан" брондалған көлігі және ұшқышсыз авиация қондырғылары секілді заманауи әскери техникалардың үлгілері көрсетілді.

Президент әскери колледж бастығы Айбек Ғабдраховқа автобус кілтін тапсырды.

Қорғаныс министрлігінің кадет корпусы Президенттің 1996 жылғы 1 шілдедегі Жарлығымен құрылған. 2000 жылы оқу орнына қазақ ғалымы және офицері Шоқан Уәлихановтың есімі берілді. 2020 жылы Кадет корпусының атауы Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледж болып ауысты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: