Күн бетінде 2026 жылғы ең ірі дақтар пайда болды
Сурет: Ресей Ғылым академиясының Ғарыштық зерттеулер институты жанындағы Күн астрономиясы зертханасы
Салыстыру үшін айтсақ, ақпан айында байқалған ең ірі белсенді аймақтың көлемі шамамен 1 100 шартты бірлікті құраған. Дәл осы аймақ X8.1 санатындағы қуатты күн жарқылын тудырып, кейінгі жылдардағы ең белсенді аймақтардың біріне айналған болатын.
4478 нөмірі берілген жаңа белсенді аймақ әзірге салыстырмалы түрде тыныш күйде. Ресейдің Күн астрономиясы зертханасының ғалымдары оның ішінде белсенді үдерістер жүріп, энергия жиналып жатқанын, алайда әзірге күшті күн жарқылдарының белгілері байқалмай отырғанын мәлімдеді.
Кейде бұл аймақтан ғарыш кеңістігіне шағын плазма бұлттары таралады. Мамандардың есебіне сәйкес, осындай екі плазма ағыны 2026 жылғы 30 маусым мен 1 шілдеде Жерге жетуі мүмкін. Дегенмен әзірше күшті геомагниттік дауыл күтілмейді.
Екі күннен кейін күн дақтарының бұл тобы Күн мен Жердің дәл бір сызығына орналасады. Сондықтан астрономдар оның әрекетін мұқият бақылауды жалғастырып отыр.