Павлодарда полиция өз қызметтік көлігін қуып жүрді: оқиғаның мән-жайы белгілі болды

Машина полиции, полицейский автомобиль, полицейские, полиция, автомобиль полиции, полицейская машина, патрульная машина, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.06.2026 13:58 Фото: unsplash
Павлодарда түнгі уақытта ерекше оқиға тіркелді. Полиция қызметкерлері өздерінің қызметтік автокөлігін қуып, күдіктіні ұстауға мәжбүр болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарады.

Желіде жарияланған мәліметке сәйкес, дүкеннен ұрлық жасады деген күдікпен ұсталған азамат полицияның патрульдік көлігін айдап кетіп, оның соңынан қала бойынша шамамен 13 полиция экипажы қуған. Қуғын соңы жол-көлік оқиғасымен аяқталған.

Павлодар облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

Ведомствоның мәліметінше, қызметтік автокөлікті айдап кеткен адам дүкеннен ұрлық жасады деген күдікпен ұсталған.

"Дүкеннен ұрлық жасау және қызметтік автокөлікті заңсыз иелену фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды. Күдікті анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алдын ала мәлімет бойынша, ол мас күйде болған. Ұрлық жасап, қызметтік көлікті айдап кеткеннен кейін Назарбаев пен Қазақ Правда көшелерінің қиылысында жол-көлік оқиғасын жасаған. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ", – деп хабарлады Полиция департаменті.

Сонымен қатар қызметтік автокөліктің айдап әкетілуіне жол берілу фактісі бойынша қызметтік тексеру басталған.

Еске салайық, бұған дейін Алматы полициясы мас күйінде ұрланған көлікпен жүргізуші куәлігінсіз жүрген ер адамның ұсталғанын хабарлаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: