Қазақстанда қандай жекеменшік мектептер мемлекеттік қаржыландырудан айырылады
Фото: Zakon.kz
Қазақстанда барлық жекеменшік мектеп мемлекеттік қаржыландырудан айырылмайды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Оқу-ағарту вице-министрі Жайық Шарабасов мәлімдеді.
Оның айтуынша, мемлекеттік білім беру тапсырысы талаптарға сай жұмыс істейтін жекеменшік мектептерге бұрынғыдай беріле береді.
"Адал жұмыс істеп жатқан жекеменшік мектептерді қаржыландыру жалғасады. Әңгіме тек ғимаратының нысаналы мақсаты білім беру қызметіне сәйкес келмейтін мектептер туралы болып отыр. Бұл норма 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Осы мерзімнен кейін мұндай мектептерге мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылмайды, – деді вице-министр.
Жайық Шарабасовтың сөзінше, бұл шешім балалар үшін сапалы әрі қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру мақсатында қабылданған.
Сондай-ақ министрлік жекеменшік мектептерге құжаттарын заң талаптарына сәйкестендіруге қосымша уақыт берген.
"Жыл басында мұндай мектептердің саны 163 болса, бүгінде олардың саны 130-ға дейін азайды, – деді ол.
Еске салайық, бұған дейін жекеменшік мектептерде 13 млн теңгеге қаржылық заңбұзушылықтар анықталғаны хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript