Алматыда электросамокаттарға қатысты ауқымды профилактикалық іс-шара басталды

Мопед, мопеды, мопедист, мопедисты, байк, байки, самокат, самокаты, самокатчики, электросамокаты, электрический самокат, электрические самокаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.06.2026 19:38 Фото: Zakon.kz
29 маусым мен 1 шілде аралығында Алматы қаласында полиция "Электросамокаттар және электрмопедтер" атты жедел-профилактикалық іс-шара өткізуде, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгілі болғандай, іс-шара 1 шілдеден бастап күшіне енетін заңнамадағы өзгерістер қарсаңында ұйымдастырылып отыр. Жаңа нормаларда электрсамокаттар мен электрмопедтерді пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ кикшеринг қызметін көрсететін операторлардың жауапкершілігі нақты айқындалған.

Жедел-профилактикалық іс-шараның негізгі мақсаты – жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол жүрісі қағидаларының бұзылуына жол бермеу және жеке мобильділік құралдарын пайдаланушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру.

Іс-шара барысында полиция қызметкерлері жол жүрісі қағидаларының сақталуын бақылауды күшейтіп, профилактикалық рейдтер мен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Әсіресе жолаушы тасымалдау, қауіпті маневр жасау, бағдаршамның тыйым салатын сигналына өту, жолдың жүріс бөлігін кесіп өту қағидаларын бұзу, сондай-ақ электрсамокаттарды ретсіз қою фактілерін анықтауға ерекше назар аударылуда.

"Біздің басты міндетіміз – құқық бұзушылықтардың алдын алу. Біз электрсамокат пайдаланушылар арасында қауіпсіз қозғалыс мәдениетін қалыптастырып, заңнаманың жаңа талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге күш саламыз. Жол қозғалысына қатысушы әрбір азамат қауіпсіздікке ортақ жауапкершілікпен қарауы тиіс, – деді Алматы қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Әбдінұр Тасыбаев.

Бұған дейін Астанаға кіреберісте есірткі курьері ұсталғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: