Атырау облысында құны 619 млн теңгеден асатын жер телімдері мемлекетке қайтарылды

Земельный участок, земельные участки, земля, землевладение, участок земли, участки земли, территория, территории, земельная доля, стоимость земли, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.06.2026 14:51 Фото: pexels
Атырау облысында игерілмей жатқан ондаған жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды.

Облыстық прокуратураның 2026 жылғы 30 маусымдағы мәліметіне сәйкес, мемлекетке жалпы ауданы 2182 гектарды құрайтын, кадастрлық құны 619 миллион теңгеден асатын 78 жер учаскесі қайтарылған.

Прокуратураның мәліметінше, жүргізілген талдау барысында кәсіпкерлік қызметке, тұрғын үй құрылысына және өзге де мақсаттарға берілген бірқатар жер телімдерінің ұзақ уақыт бойы игерілмегені анықталған.

Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдардың бұл жерлерді шаруашылық айналымына тарту бойынша уақтылы шара қабылдамағаны белгілі болды.

"Прокурорлық қадағалау актісі негізінде уәкілетті органдар жер пайдалану құқығын тоқтату және пайдаланылмаған жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару жөнінде тиісті шаралар қабылдады", – деп хабарлады Атырау облысының прокуратурасы.

Еске салайық, бұған дейін, 2026 жылғы 25 маусымда, Атырауда жүргізілген тексеру нәтижесінде мемлекетке жүздеген миллион теңгенің жылжымайтын мүлкі мен жер учаскелері қайтарылғаны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: