Бұл көмек шын мұқтаж адамдарға берілуге тиіс: Тоқаев еліміздегі әлеуметтік көмек жүйесіне тоқталды
Фото: Zakon.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында елдегі әлеуметтік көмек туралы сөз қозғады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Президент Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмектің көп деңгейлі жүйесі жолға қойылғанын атап өтті.
"Бұл көмек шын мұқтаж адамдарға берілуге тиіс. Көмек "Отбасының цифрлық картасы" технологиялық шешімі арқылы көрсетіледі. Парламент депутаттарының табандылығы арқасында зиянды өндірісте еңбек ететіндердің мәселесі шешілді. Бұл жиі көтеріліп, әбден жауыр болған түйткіл еді. Енді өндіріс еңбеккерлері әлеуметтік төлем алуға, 55 жастан бастап зейнетке шыққанға дейін жеңілірек жұмысқа ауысуға заң жүзінде қақылы". Қасым-Жомарт Тоқаев
Сондай-ақ, ол әйелдер мен балалардың құқығын қорғауға, халықтың шамадан тыс кредит алуын азайтуға, ойынқұмарлыққа, есірткі қылмысына және кибералаяқтыққа қарсы күрес шараларына қатысты қабылданған заңнамалық шешімдеріңіз жұртшылықтың кең қолдауына ие болғанын айтты.
"Біздің басты стратегиялық мақсатымыз – жоғары конституциялық қағидаттарды іске асыра алатын білімді, дені сау, зияткер әрі озық ойлы ұрпақ тәрбиелеу".Мемлекет басшысы
Бұған дейін ол жасанды интеллектіні экономиканың барлық негізгі саласына енгізу керек екенін айтқан болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript