Конституция еліміздің алдағы онжылдықтардағы даму бағдарын айқындайды — Олжас Бектенов
Фото: primeminister.kz
2026 жылғы 1 шілдеде премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Қазақстан Республикасы Конституциясын сапалы іске асыруды қамтамасыз ету шаралары қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Премьер-министр Олжас Бектенов бүгін Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы күшіне енгенін еске салды.
"Бүгін Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы күшіне енді. Бұл – еліміздің алдағы онжылдықтардағы даму бағдарын айқындайтын негізгі құжат. Ата заңның қабылдануы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен жүзеге асырылып жатқан елімізді жаңғыртудың жаңа кезеңін азаматтарымыздың жаппай қолдайтынын анық көрсетті. Жаңа Конституция экономикалық көрсеткіштермен ғана өлшенбейтін озық әрі қарқынды дамудың берік институционалдық негізін қалыптастырады. Президент жаһандық өзгерістердің көшін қуып жетумен ғана шектелмей, жаңа экономикалық ахуалды қалыптастыратын белсенді қатысушыға айналуымыз керек екенін атап өтуде. Жүргізіліп жатқан реформалардың барлығы дәл осы міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған. Ал, олардың түп негізінде жаңа Конституциямыз тұр", — деп атап өтті Премьер-министр.
Премьер-министр барлық мемлекеттік және қоғамдық институттарды түбегейлі жаңғырту басталғанын атап өтті.
"Жүзеге асырылып жатқан өзгерістердің барлығы қоғамдағы тұрақтылықты одан әрі сақтау, азаматтардың әл-ауқатын лайықты деңгейде қамтамасыз ету, "Заң мен Тәртіп" қағидатын нығайту, сондай-ақ қазақстандықтардың озық ойлы әрі жоғары интеллектуалды буынын қалыптастыруға бағытталған", — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Бұған дейін Президент қазақстандықтарды жаңа Конституцияның күшіне енуімен құттықтаған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript